Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «ОҚМА» АҚ қызметкерлері арасын...
16 қаңтар 2026
1
0
0

«ОҚМА» АҚ қызметкерлері арасындағы дәстүрлі XLI Спартакиада

2026 жылғы 14 қаңтарда «ОҚМА» АҚ қызметкерлері арасында екі күнге созылған XLI Спартакиадасының ашылуы өтті. Ашылу рәсімінде оқу орнының тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.


Спартакиада бес спорт түрінен өтті және оған 9 команда қатысты:
•    Әскери кафедра
•    Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасы
•    Шұғыл медицина және мейірбике ісі кафедрасы
•    Инженерлік пәндер кафедрасы
•    ОҚМА жанындағы колледж
•    Фармация факультетінің деканаты
•    Фармацевтикалық өндіріс технологиясы кафедрасы
•    Әкімшілік құрама командасы
•    Әкімшілік шаруашылық департаменті


Жарыс қызықты әрі тартысты өтті. Спорттық шараға фармация факультетінің деканы Арыстанбаев Құттыбек Есенгелдіұлы, Инженерлік пәндер кафедрасының меңгерушісі Орымбетова Гүлбағи Эмитқызы, Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы меңгерушісі Аширов Шадияр Алдиярұлы және Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Тасжанов Берік Рахманәліұлы белсене қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.


Спартакиада нәтижелері:


Волейбол
•    І орын – ОҚМА медициналық колледжі
•    ІІ орын – Әскери кафедра
•    ІІІ орын – Қазақстан тарихы және әлеуметтік пәндер кафедрасы


Арқан тарту
•    І орын – Әскери кафедра
•    ІІ орын – Шұғыл медицина және мейірбике ісі кафедрасы
•    ІІІ орын – ОҚМА медициналық колледжі


Шахмат
•    І орын – Әскери кафедра, Жамалов Қанат
•    ІІ орын – Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасы, Турадилов Мейірбек
•    ІІІ орын – Фармация факультеті деканаты, Арыстанбаев Құттыбек Есенгелдіұлы


Мини-футбол
•    І орын – Әкімшілік басқару құрама командасы (АУП ұжымы)
•    ІІ орын – Әскери кафедра
•    ІІІ орын – Шұғыл медицина және мейірбике ісі кафедрасы


Үстел теннисі
•    І орын – Әкімшілік басқару құрама командасы
•    ІІ орын – Инженерлік пәндер кафедрасы
•    ІІІ орын – Фармация факультеті деканаты


Жалпы командалық есеп (5 спорт түрі бойынша):
1.    Әскери кафедра
2.    Әкімшілік-басқару персоналы
3.    ОҚМА медициналық колледжі


Спартакиада жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз! 

Пікірлер орны (0)