
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы ресми түрде Еуразия–Тынық мұхиты аймағындағы университеттерді, зерттеушілер мен оқытушыларды біріктіретін австриялық академиялық желі — Eurasia-Pacific Uninet (EPU) ұйымының серіктесі атанды.
Серіктестік ынтымақтастық сертификатымен расталып, 2027 жылға дейін жарамды.
ОҚМА-ның EPU желісіне қатысуы академиялық ұтқырлықты дамытуға, бірлескен ғылыми жобаларды іске асыруға, халықаралық гранттық бағдарламаларға қатысуға және білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады.
Бұл академияның халықаралық қызметін нығайтуға және жаһандық академиялық қауымдастықтағы орнын кеңейтуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.