Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары ОҚМА мен Иерусалимдегі Еврей у...
2 наурыз 2026
1
0
0

ОҚМА мен Иерусалимдегі Еврей университеті арасында халықаралық онлайн-конференция өтті



2026 жылдың 25 ақпанында «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ мен Иерусалимдегі Еврей университетінің «Хадасса» медициналық орталығы жанындағы Стоматология факультеті арасында онлайн-конференция өтті.
Кездесудің негізгі тақырыбы — Қазақстан Республикасындағы 6, 12 және 15 жастағы балалардың ауыз қуысы денсаулығына жүргізілген эпидемиологиялық зерттеу нәтижелерін талқылау және тиімді профилактикалық шараларды әзірлеу болды.
Конференцияға стоматология факультетінің деканы, профессор Ави Зини, профессор Стелла Чаушу, профессор Юваль Веред, доктор Гай Тубиас және доктор Александр Хаимов қатысты.
Тараптар академиялық ұтқырлық, бірлескен ғылыми жарияланымдар және алдағы ынтымақтастық бағыттарын талқылады. Іс-шара академияның халықаралық ғылыми байланыстарын нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.

Пікірлер орны (0)