Войти
Басты бет Академия жаңалықтары ОҚМА Қауіпсіздік техника және...
29 желтоқсан 2025
1
0
0

ОҚМА Қауіпсіздік техника және өрт қауіпсіздігіне жауапты инженерімен, дін өкілі қызметкерімен қоғамдық қауіпсіздік тақырыбында кездесу өтті

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының доцент м.а. Г.С.Айдарбекова  1 курс «Стоматология» БББ студенттерімен ОҚМА Қауіпсіздік Техника  және Өрт Қауіпсіздігіне жауапты инженерімен және дін өкілі қызметкерімен қоғамдық қауіпсіздік тақырыбында кездесу ұйымдастырды. 
Кездесудің негізгі мақсаты — студенттерді қоғамдық қауіпсіздік мәселелерімен таныстыру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдық тәртіпті сақтау маңыздылығын түсіндіру. Сонымен қатар, дін өкілдері мен полиция қызметкерлерінің қатысуы студенттерге қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіптің әлеуметтік, құқықтық және моральдық аспектілерін көрсетуге бағытталған.
Студенттерге қоғамдық қауіпсіздік, құқықтық сауаттылық және азаматтық жауапкершілік мәселелері туралы ақпарат берілді. Полиция қызметкерлері студенттерге полицияның негізгі міндеттері мен олардың құқықтары мен міндеттері жайлы түсіндірсе, дін өкілдері қоғамдағы тәртіп пен моральдық қағидалардың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, тәжірибелік кеңестер алды. Білім алушылар  алған ақпараттарын күнделікті өмірде қолдануға, өздерінің құқықтары мен міндеттерін дұрыс бағалауға және жауапты азамат ретінде қалыптасуға мүмкіндік алды.

Пікірлер орны (0)