Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары ОҚМА студенттері академиялық ұ...
18 ақпан 2026
1
0
0

ОҚМА студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Санкт-Петербург мемлекеттік химия-фармацевтика университетінде білім алуда

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 3 курс студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2026 жылдың ақпан-маусым айлары аралығында Санкт-Петербург мемлекеттік химия-фармацевтика университетіне (СПХФУ) оқуға барды. Семестр бойы олар бейіндік пәндерді оқиды, практикалық сабақтардан өтеді және ресейлік білім алушылармен тәжірибе алмасады.

Сонымен қатар, сапар барысында ОҚМА мен СПХФУ арасында академиялық ұтқырлық және бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша шарттар жасалды, бұл екі тараптың білім алушылары мен оқытушыларына жаңа мүмкіндіктер ашады.

Бұл іс-шара фармацевтика ғылымы мен практикасы саласында халықаралық ғылыми ынтымақтастық пен білім алмасуды дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы студенттерге әлемдік деңгейде жоғары сапалы білім мен кәсіби дамуға қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, өзінің халықаралық байланыстарын белсенді түрде кеңейтуді жалғастыруда.

Білім алушылар ОҚМА ректоры Ж.С. Сейтжановаға беделді ЖОО бірінде, фармацевтикалық университетте оқуға мүмкіндік бергені үшін, кәсіби дамуды жан-жақты қолдағаны және халықаралық академиялық ынтымақтастық үшін тиімді жағдайлар жасағаны үшін ризашылықтарын білдіреді.

Пікірлер орны (0)