
Шымкент қаласында Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Республикалық референдум аясында 2026 жылдың 15 ақпан күні жастар арасында патриоттық флешмоб өткізілді. Аталған іс-шараға Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының Фармация факультетінің ФҚА-01-25 және ФҚБ-01-25 топ студенттері белсенді түрде атсалысты. Флешмобтың негізгі мақсаты – жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру, қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуын арттыру, ел болашағына деген жауапкершілік сезімін күшейту және қоғамдық бірлікті нығайту болды. Іс-шара барысында қатысушылар ынтымақ, отансүйгіштік және бірлік құндылықтарын дәріптеп, жастардың ел дамуына қосар үлесінің маңыздылығын көрсетті. Мұндай бастамалар жас ұрпақтың саяси сауаттылығын арттырып, олардың белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтауға өз септігін тигізеді.
