Қазіргі таңда еліміздің барлық өңірінде «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында республикалық құқықтық диктант өткізіліп жатыр. Осы игі бастамаға  Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Фармация және медицина факультетінің студенттері белсене қатысып, «Заң үстем болса – ел еңселі» атты тақырыпта диктант жазды.
Айта кетейік, іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрмет пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру, сондай-ақ қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайту. 
Диктантты қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ф.ғ.к., доцент м.а. Г. К. Темирбекова оқыды.