
Ағымдағы жылдың 15–17 қазан аралығында Ташкент мемлекеттік медицина университетінде Қазақстан мен Өзбекстанның медициналық бағыттағы жоғары оқу орындарының студенттері арасында Достық олимпиадасы мен спартакиадасы өтті. Бұл іс-шара Өзбекстандағы Қазақстан медицинасы күндері аясында ұйымдастырылып, екі елдің медицина мамандарын дайындайтын оқу орындарының студенттерін бір алаңға жинады.
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының білім алушылары жарыста жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, жеңіспен оралды.
Айталық, үстел теннисінен өткен сайыста В-ПҚА-01-22 тобының студенті Азатова Озода Хасановна мен ВМ-СТҚА-03-23 тобының Торавеков Давлатбек Уткирович бірінші орынды жеңіп алды. Жүгіруден ВМ-МҚА-06-24 тобының өкілі Уалихан Мейірлан екінші орынға ие болды.
Хирургия бағыты бойынша ЖМОА-09-21 тобының студенттері Мусаева Сарвиноз Октамовна мен Умарова Диловар Батыровна үшінші орынға тұрақтады. Ғылыми жоба бойынша өткен сайыста МАА-11-22 тобының студенті Асылхан Аяулым Адилжанқызы екінші орыннан көрінді.
Сонымен қатар, стоматология пәні бойынша өткен олимпиадада Абдукаримов Абдулазиз Абдумалик ұлы мен Ибах Саддам Саматович номинация иегерлері атанды.
Бұл жеңістер ОҚМА студенттерінің білім мен спорттағы биік деңгейін дәлелдеп, екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосты.
