
Өзбекстандағы Қазақстан медицинасының күндері: 15-17 қазан аралығында Қазақстан мен Өзбекстан медицина жастарының достық шараларыӨзбекстандағы Қазақстан медицинасының күндері аясында Қазақстан мен Өзбекстанның медицина жастарының достық шаралары өтті. Іс-шаралар екі елдің медициналық жоғары оқу орындары арасындағы академиялық серіктестікті дамыту мен өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.
Достық олимпиадасы мен спартакиадасы Ташкент мемлекеттік медицина университетінің алаңында өтіп, екі елдің жетекші медициналық жоғары оқу орындарының білім алушыларын біріктірді.
Қазақстан тарапынан 7 медициналық жоғаргы оқу орындары білім алушылары,ал,,,Өзбекстан атынан 9 медициналық жоғарғы оқу білім алушылары қатысты.ОҚМА білім алушылары спартакиада барысында жоғары дайындықтың болғанын көрсетті. Іс-шаралар Қазақстан мен Өзбекстанның медицина жастары үшін тәжірибе алмасу мен кәсіби байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.
Азатова Озада, Торабеков Давлатбек үстел теннисінен 1 орын иеленді. Уалихан Мейірлан 400 метрге жүгіріп 2 орын иегері атанды. Өстеміров Дінмұхаммед шахмат ойынан 4 орын иеленді.Ал Махамеджан Алия жақсы ойын көрсетті.Бұл тамаша жеңісті зор қуанышпен қабылдадық. Білім алушыларымыз табандылық, жоғарғы спорттық шеберлік және қажымас кайрат танытып, осы халықаралық жарыста біздің еліміздің,ОҚМА мерейін үстем ете білді.Бұл қуаныш жаттықтырушылардың еңбегінің жемісі деп білеміз.
Спортшы жастарымызға жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз!