Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Профилактикалық және білім бер...
18 желтоқсан 2025
1
1
0

Профилактикалық және білім беру бағытындағы іс-шаралар өткізілді

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы «ЖТД–2» кафедрасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Салауатты өмір салты: Салауатты жоғары оқу орны, Салауатты қала, Салауатты аймақ» жобасы шеңберінде 11.12.2025 күні Шымкент қаласындағы А.С. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде бірқатар профилактикалық және білім беру бағытындағы іс-шаралар өткізілді.
ІЖТДҚ 15–25 тобы
Ғылыми жетекшісі:
м.ғ.д., профессор, ЖТД–2 кафедрасының меңгерушісі
Досыбаева Гульжан Нурбековна
Аталған топтың дәрігер-интерндері 5–7 сынып оқушыларына арналған ашық дәрістер өткізіп, дұрыс тамақтану қағидалары, сапалы ұйқының маңызы, күн тәртібін сақтау және шаршаудың алдын алу жолдарын түсіндірді. Сабақтар интерактивті форматта ұйымдастырылды.
ІЖТДҚ 17–25 тобы
Ғылыми жетекшісі:
м.ғ.к., доцент
Сартаева Қаламқас Алмешовна
8–11 сынып оқушыларына арналған конференцияда салауатты өмір салты, ақыл-ой және психикалық денсаулық, энергетикалық сусындардың зияны, цифрлық тәуелділік пен әлеуметтік желілерді шамадан тыс пайдаланудың салдары кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар 10–11 сыныптарға арналған «Мамандыққа жол» бөлімінде медицина саласына қысқаша шолу жасалды.
ІЖТДҚ 18–25 тобы
Ғылыми жетекшісі:
кафедра ассистенті
Куанышева Бахыткул Абилдаевна 
Бұл топ аясында педагогтарға арналған «Мұғалім денсаулығы – сапалы білімнің кепілі» тақырыбында практикалық семинар өткізілді. Семинар барысында кәсіби күйзеліс, эмоционалдық жүктеме, тірек-қимыл жүйесі мен дауыс аппаратына түсетін салмақ мәселелері қарастырылды.
Өткізілген іс-шаралар жасөспірімдер мен педагогтардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды. Ал дәрігер-интерндер үшін бұл жоба профилактикалық медицина саласында тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді.

Пікірлер орны (0)