
2026 жылдың 20 қаңтарында Психологиялық қызметтің ұйымдастыруымен Психологиялық апталық аясында PSYTALK: «Студенттік өмір сырлары» тақырыбында мазмұнды әрі әсерлі кездесу өтті. Іс-шара Коворкинг орталықта ұйымдастырылып, студенттер үшін ашық диалог алаңына айналды.
Кездесудің негізгі мақсаты – студенттердің жаңа ортаға бейімделу үдерісін анықтау, студенттік өмірдегі психологиялық қолдаудың маңызын түсіндіру, қатарластар арасындағы қарым-қатынасты нығайту жолдарын талқылау, сондай-ақ эмоционалдық тұрақтылықты арттырып, еркін пікір алмасуға мүмкіндік беру болды.
Іс-шара ашық, еркін және сенімді атмосферада өтті. Студенттер топтық ойындар мен психологиялық тренингтерге белсене қатысып, өз сезімдері мен ойларын еркін білдірді. Ортақ қызығушылықтар арқылы бір-бірін жақынырақ танып, өзара түсіністік пен қолдаудың құндылығын сезіне алды.