Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Қамқорлық пен мейірімділік –...
25 желтоқсан 2025
1
0
0

«Қамқорлық пен мейірімділік – әр адамның қоғамдық парызы»  атты қайырымдылық акциясы

Қайырымдылық — адамды адам ететін асыл қасиет: ол жолыңды ашады, жүректерді жұмсартады, қоғамға жылулық пен сенім әкеледі. Жақсылық жасаған сайын өзің де рухани байып, айналаң нұрлана түседі. 


24.12.25ж. күні «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен  Шымкент қаласы білім басқармасының "Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында" тәрбиеленіп жатқан балаларға  «Қамқорлық пен мейірімділік – әр адамның қоғамдық парызы»  атты қайырымдылық акциясын өткізді.
Мақсаты: Тәрбиеленіп жатқан балаларға рухани-адамгершілік қолдау көрсету, олардың қоғамға бейімделуіне ықпал ету, мейірімділік пен қамқорлық құндылықтарын насихаттау, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру және балалардың болашаққа деген сенімін нығайту болып табылады.
Аталмыш іс-шараны кафедраның аға оқытушысы А.Ж. Ибраимова және 1 курс «Медицина» БББ білім алушылары ұйымдастырып, өткізді.
Мерекелік кеште  балаларға рухани-адамгершілік бағыттағы тәрбие беріліп, мейірімділік пен қамқорлықтың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар тәрбиеленушілерге жылы лебіздер айтылып, танымдық әңгімелер жүргізілді, ойын-сауық бағдарламалар ұйымдастырылып, естелік сыйлықтар мен қажетті заттар тарту етілді.
Қорытындылай келе, бұл қайырымдылық акциясы тәрбиеленуші балаларға рухани қолдау көрсетіп қана қоймай, олардың қоғамға деген сенімін арттыруға, мейірімділік пен жанашырлық сияқты ізгі құндылықтарды бойына сіңіруге ықпал етті. Сонымен қатар бұл іс-шара білім алушылардың әлеуметтік жауапкершілігін күшейтіп, азаматтық ұстанымын қалыптастыруға зор үлес қосты. Мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз.

Пікірлер орны (0)