
2025 жылдың 20 қараша күні Шет тілдері кафедрасы ұжымының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық - жүректен шыққан жақсылық!» атты қайырымдылық жəрмеңкесі өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты - кафедраға бекітілген ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жəне мүгедек студенттерге қаржылай көмек көрсету.
Сонымен қатар, аталған іс-шараға Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 1 курс студенттері мен шет тілдері кафедрасының ұжымы жəрмеңкеге белсене қатысып, өздерінің қамқорлығын көрсетті.
Шет тілдері кафедрасының ұжымы қайырымдылық жəрмеңкесінен түскен қаржыны мұқтаж жанға табыстады.