Қазақстан халқының бірлігі күні — Қазақстанда жыл сайын 1 мамырда аталып өтетін мемлекеттік мереке. Бұл күн еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің татулығы мен достығын нығайтуға бағытталған. Мереке аясында еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі мәдени шаралар, концерттер, көрмелер мен ұлттық тағамдар жәрмеңкелері өткізіледі. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен ұлттар арасындағы достықты насихаттайтын іс-шаралар ұйымдастырылады.
30 сәуір 2025 жылы В-ФК-01-24 тәлімгерлік тобы Қазақстан халқының бірлігі күніне орай тәрбиелік іс-шара өткізді. Іс-шараның басты мақсаты — көпұлтты еліміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтау, әртүрлі этностардың мәдениетін, тілін және дәстүрін құрметтеу болды. Шара барысында түрлі ұлттардың дәстүрі мен өнері жайлы баяндамалар оқылып, ұлттық киімдер көрсетілді.
Осылайша, Қазақстан халқының бірлігі күні — еліміздегі барлық ұлттар мен ұлыстардың ынтымағын бейнелейтін маңызды мереке екені тағы да дәлелденді.