Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Қазақстан Республикасының күні...
5 қараша 2025
8
0
0

Қазақстан Республикасының күніне арналған іс-шара

Қазақстан Республикасының күніне орай Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының гигиена және эпидемиология кафедрасында мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараны кафедра меңгерушісі, PhD, профессор м.а. Кульмирзаева Дарияна Мұратқызы және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы ұйымдастырды: Алиев Даулет Сабырұлы, Ескерова Сара Үстемірқызы, Бейсембаева Зауре Игорқызы, Жақсыбаева Женісқүл Бегасылқызы, Байконсова Лаура Омарқызы.

Іс-шара барысында студенттер патриоттық әндер орындап, туған елге деген сүйіспеншілігі мен құрметін көрсетті, сондай-ақ домбырада күйлер орындап, қазақ халқының мәдениеті мен рухани мұрасын жеткізді.
Сонымен қатар патриотизм мен азаматтық жауапкершілік тақырыбында әңгімелер мен пікірталастар өткізілді. Преподавательдер мен студенттер Республика күнінің тарихи маңызын, тәуелсіздіктің құндылығын және жас ұрпақтың ел болашағындағы рөлін талқылады.

Іс-шара бірлік пен мақтаныш рухында өтті және ол ұлттық дәстүрлерді, мәдени мұраны сақтау мен Отанға деген сүйіспеншіліктің маңыздылығын тағы бір рет еске салды.

Пікірлер орны (0)