Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Қазақстан Республикасының мем...
23 қазан 2025
9
0
0

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі мен тәуелсіздігі: тарихы, қазіргі заман және дамудың жаңа белестері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

23.10.25ж. «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен Республика күніне орай «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі мен тәуелсіздігі: тарихы, қазіргі заман және дамудың жаңа белестері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Мақсаты: Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу жолын, оның тарихи, саяси, экономикалық және мәдени аспектілерін жан-жақты талқылау, сонымен қатар қазіргі даму үрдістері мен болашақтағы стратегиялық бағыттарды айқындау.
Конференцияға еліміздің және шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, зерттеушілері мен студенттері қатысты. Конференция барысында қатысушылар тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихына, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылап, ғылыми идеялар мен тәжірибе алмасты.
Соңында кафедра ПОҚ іс-шараға қатысушыларды Республика күнімен құттықтап, Қазақстанның гүлденуі жолында үздік оқуларына тілектестік білдірді.

Пікірлер орны (0)