Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Қазақстан Республикасының Тәуе...
15 желтоқсан 2025
1
0
0

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай

ЖТД-2 кафедрасында 21-25 ІЖТДО топтарының дәрігер-интерндерімен тәрбиелік бағыттағы іс-шара Тасқынова Мая Адилбековна, Жиен Азия Касимовна жетекшілігімен өткізілді.
Іс-шара «Абай коды: Ақыл. Жүрек. Қайрат» құндылықтары аясында ұйымдастырылып, интерндердің патриоттық санасын, азаматтық жауапкершілігін және болашақ дәрігер ретінде кәсіби әрі адамгершілік ұстанымдарын қалыптастыруға бағытталды.
Кездесу барысында Тәуелсіз Қазақстанның даму жолы, тарихи жадыны сақтау, сондай-ақ дәрігер мамандығының қоғам алдындағы жауапкершілігі мәселелері талқыланды.

Пікірлер орны (0)