Мен Phd докторанты Римма Хужахмедова қазіргі таңда «Türkiye Scholarships» және академиялық алмасу бағдарламалары аясында Түркия елінде білімімді жалғастырудамын.
Республика күні қарсаңында біз, яғни шетелде білім алып жүрген қазақстандық студенттер туған елімізге деген алғысымыз бен сүйіспеншілігімізді білдіреміз. Әлемнің түрлі елдерінде білім алып жүрген жастардың барлығының мақсаты ортақ. Ол — Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне өз үлесімізді қосу. #RepublicDayKazakhstan акциясы аясында біз ел тәуелсіздігі мен бірлігінің құндылығын дәріптеп, Қазақстан рухын әлемге танытуды мақсат еттік.
Тәуелсіз Қазақстан — әрқайсымыздың мақтанышымыз!
