
«ОҚМА» АҚ жанындағы медицина колледжінде «Жастар саясаты бөлімінің» меңгерушісі Б. Тасжанов пен директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары М. Тайжанованың және кураторлардың қатысуымен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында кезектен тыс тәлімгерлік сағат өткізілді. Іс-шара барысында жастармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу туралы іс-шараларды жандандыру қажеттілігі айтылды. Қазіргі кезде девиантты мінез-құлыққа әкелетін түрлі жағдайлардың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылды.
Атап айтқанда, жасөспірімдердің құқықбұзушылыққа бейімделуіне әсер ететін әлеуметтік, психологиялық және отбасылық факторлар талқыланды. Сонымен қатар, зиянды әдеттердің, интернеттегі теріс ықпалдардың алдын алу жолдары түсіндірілді.
Қатысушыларға тәуекел тобындағы білім алушылармен жеке жұмыс жүргізу, профилактикалық әңгімелесу ұйымдастыру, ата-аналармен жүйелі байланыс орнату және уақтылы психологиялық қолдау көрсету жөнінде нақты ұсыныстар берілді.