Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Құрдастар арасындағы буллинг...
8 желтоқсан 2025
1
0
0

«Құрдастар арасындағы буллинг және оның психологиялық әсері» тақырыбында танымдық-профилактикалық іс-шара өткізілді

2025 жылдың 08 желтоқсан күні Психологиялық қызметтің ұйымдастыруымен ВМ-МКА-01-24, ВМ-МҚБ-01-02-24,ВМ-МҚА-02-24, ВМ-МҚБ-02-24 топтарында «Құрдастар арасындағы буллинг және оның психологиялық әсері» тақырыбында танымдық-профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің буллинг туралы түсінігін кеңейту, оның түрлері мен себептерін түсіндіру, сондай-ақ буллингтің алдын алуға бағытталған тиімді тәсілдермен таныстыру болды.
Іс-шара барысында қатысушыларға буллингтің белгілері, оған ықпал ететін әлеуметтік және психологиялық факторлар, сонымен қатар жәбірленуші мен буллинг жасаушы тараптардың психологиялық ерекшеліктері туралы ақпарат берілді. Студенттерге конфликтіні дұрыс шешу жолдары, эмпатияны дамыту және өзара құрмет мәдениеті жайлы кеңестер ұсынылды. Сонымен қатар буллингтің алдын алу мақсатында студенттер арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнама буллинг жағдайларының кездесуі, оның себептері және студенттердің бұл мәселеге деген көзқарастарын анықтауға бағытталды.

Пікірлер орны (0)