
Болат Анварұлы Ашировты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2026 жылғы 28 шілдедегі №568 бұйрығымен 30100 – Медицина ғылымдары ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағының берілуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Болат Анварұлына зор денсаулық, отбасына амандық, ғылыми-педагогикалық қызметіне толағай табыс, жаңа ғылыми жетістіктер мен биік белестер тілейміз! Еңбегіңіз ел игілігіне қызмет етіп, шәкірттеріңіздің жетістіктері еселене берсін!
Ғылыми атағыңыз құтты болсын! Жаңа белестерді бағындыра беріңіз!