Шымкент қаласы бойынша Қазақстан медицина жастары ұйымының координаторы, ОҚМА студенттік ректоры Асқар Мерей Еламанқызы еліміздің бас қаласы Астанада Қазақстан медицина жастары арасында Денсаулық сақтау саласына қосқан елеулі үлесі үшін арнайы төсбелгімен марапатталды. Айта кетейік, бұл жоғары марапат Қазақстан бойынша үш студентке ғана табысталды. Сол үздік үштіктің қатарынан көрінген Мерей Еламанқызы ерекше белсенділігімен, қоғамдық бастамаларға жетекшілік етуімен өзгелерге үлгі бола алады.
Марапат құтты болсын!