
30-31 қаңтар аралығында Шымкент қаласында каратэден WKF халықаралық жарысы өтті. В-ФО-02-25 тобының білім алушысы Игнат Стрельников 18-20 жас категориясында (75 келі) сынға түсіп, үш рет жекпе-жек өткізіп, 11 балуанның арасынан өз салмағында ΙΙ-орын алды.
Игнат, сені алда әлі талай жетістіктер мен белестер күтіп тұр. Дене тәрбиесі орталығы саған тек жеңіс тілейді! Әрдайым мықты, батыл және табанды бол! Арманың асқақ,жолың ашық болсын.Алға,тек алға!