
Бүгін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Ата Заңның жаңа жобасын қабылдау бойынша өтетін жалпыхалықтық референдумға арналған түсіндіру жиыны өтті. Оған Шымкент қалалық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Абишев Бөкейхан Нұралыұлы мен Шымкент қалалық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Позилов Бақытжан Жолдасбекұлы қатысып, енгізіліп жатқан өзгерістердің негізгі бағыттарына тоқталды. Сонымен қатар, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, референдумның маңызын түсіндірді.
15 наурыз – ел тағдырына қатысты тарихи таңдау күні. Бұл әрқайсымыздың өз таңдауымызды жасайтын маңызды сәт екенін ұмытпайық!