
Республикалық бюджет қаражаты есебінен түсушілер үшін:
* 10.08.2026 ж. сағат 18:00-ге дейін — «Қаралуда» және «Қайта өңдеуде» мәртебесіндегі барлық өтініштерді өңдеу;
* 11.08.2026 ж. сағат 13:00-ге дейін — нәтижелерді алдын ала ранжирлеу және жалпы тізімді сайтта жариялау;
* 12.08.2026 ж. сағат 13:00-ге дейін — апелляцияға өтініштерді қабылдау;
* 13.08.2026 ж. – 14.08.2026 ж. сағат 12:00-ге дейін — Республикалық апелляциялық комиссияның өтініштерді қарауы;
* 14.08.2026 ж. сағат 13:00-ге дейін — қорытынды ранжирлеу және нәтижелерді сайтта жариялау.
ЖАО қаражаты есебінен түсушілер үшін:
* 12.08.2026 ж. – 17.08.2026 ж. (қоса алғанда) — ЖАО гранттарына өтініштерді қабылдау. Өтініштерді республикалық бюджет есебінен оқуға түспеген тұлғалар бере алады;
* 18.08.2026 ж. — ранжирлеу нәтижелерін жариялау (апелляция қарастырылмаған).
Қосымша хабарлаймыз:
* 25.08.2026 ж. — ақылы оқу нысанына (бюджеттен тыс қаражат есебінен) өтініштерді қабылдау аяқталады. Өтініштерді республикалық бюджет және ЖАО гранттары бойынша оқуға түспеген тұлғалар да бере алады;
* 27.08.2026 ж. дейін — ранжирлеу нәтижелерін жариялау (апелляция қарастырылмаған).
Көрсетілген мерзімдермен мұқият танысып, маңызды күндерді өткізіп алмауыңызды сұраймыз!