Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Салауатты өмір – нұрлы болаша...
22 қазан 2025
6
3
1

«Салауатты өмір – нұрлы болашақ»

«Отбасылық медицина» кафедрасының ассистенті Нарзуллаева Динара Сабыржановна жетекшілігімен ІЖТДҚ- 19-24 топ дәрігер-интерндерімен бірлесе студенттер арасында нашақорлық, маскүнемдік және шылым шегудің алдын алу бойынша «Салауатты өмір -нұрлы болашақ» тақырыбында тәрбиелік жұмыс жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты: Нашақорлықтың зиянды әсерлерін түсіндіру, жастар арасында нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын насихаттау – жастардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға, болашаққа нұрлы көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Іс – шара барысында дәрігер – интерндер "Нашақорлыққа жол жоқ!" тақырыбында ақпараттық кітапша жасады. Мектеп жасындағы балалар мен студенттерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Нашақорлықтың қоғамға және жеке адамға тигізетін зиянды әсерлері туралы қысқаша баяндады.

Нашақорлық – қоғамның үлкен проблемасы. Бұл іс –шара студенттерге нашақорлыққа қарсы тұруға шақыруға зор мүмкіндік болды. Іс- шара барысында жастардың нашақорлыққа қарсы тұруы, салауатты өмір салтын ұстануы, және бір-біріне қолдау көрсетуі үшін қажетті ақпарат пен тәжірибе алмасу мүмкіндігі беріледі.

Пікірлер орны (1)
Салхожаева Кулзира Кенесовна
🔥🔥🔥😍😍😍👍