
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының ұлағатты ұстазы Сахов Сапарбек Мұсаханұлы - 75 жасқа толды.
Саналы ғұмырын білім мен тәрбие беру ісіне арнаған ұлағатты ұстаздың еңбегі мен елге сіңірген қызметі көпшілік тарапынан жоғары бағаланды. Осы орайда Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мырза ардақты ұстазды мерейтойымен құттықтап, зор құрмет көрсетті. Қала басшысы өз құттықтауында ұстаздың жас ұрпақ тәрбиелеудегі ерен еңбегін атап өтіп, білім саласына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар, тәуелсіз еліміздің дамуына, қоғамның өркендеуіне қосқан үлесі үшін ұстазға ризашылығын білдірілді.
Кафедра ұжымы ардақты ұстазды шын жүректен құттықтап, мерейтой иесіне шығармашылық табыс пен ұзақ ғұмыр тілектестік білдірді.
