
Қазіргі қоғамда жастар мен жасөспірімдердің психологиялық әл-ауқатын сақтау, суицидтің алдын алу, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және рухани-адамгершілік тәрбиені күшейту өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осыған байланысты «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, әрі психологы Мырзазия Ақбаян Әлішқызы «Санамен серпіл!» ұранымен бірқатар ашық тәрбие сағаттар ұйымдастырды.
Мақсаты: Жастар мен жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу; Отбасылық қарым-қатынастың маңызын түсіндіру; Моральдік-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту; Өмірге деген оң көзқарасты қалыптастыру; Өзін-өзі тану мен жауапкершілікті арттыру. Студенттер өз ойларымен бөлісіп, белсенділік танытты. Ашық диалог арқылы көптеген өзекті мәселелер талқыланды. Ашық тәрбие сағаты нәтижесінде білім алушылардың өмірге деген көзқарасы оң бағытта қалыптасты; суицидтің алдын алу бойынша ақпараттық сауаттылық артты; отбасылық және рухани құндылықтардың маңыздылығы терең түсіндірілді; студенттердің әлеуметтік және тұлғалық жауапкершілігі нығайды; ашық пікір алмасу арқылы сенімді орта қалыптасты.