Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Шетел студентеріне арналған нұ...
27 қараша 2025
1
0
0

Шетел студентеріне арналған нұсқаулықты ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді

2025 жылдың 27 қараша күні Психологиялық қызметтің ұйымдастыруымен 2 курс студендеріне Шетел студентеріне арналған нұсқаулықты ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.
Кездесудің негізгі мақсаты – шетелдік студенттеріне арналған нұсқаулықты түсіндіру арқылы жаңа ортаға тез бейімделуіне көмектесу, оқып жатқан елдің құқықтық талаптары, мәдени ерекшеліктері, қауіпсіздік ережелері және әлеуметтік ортада өзін ұстау нормалары туралы толық әрі түсінікті ақпарат беру болатын.
Іс-шара барысында студенттерге қалада жүріп-тұру ережелері, қоғамдық орындардағы мінез-құлық мәдениеті, тазалық пен жеке гигиена талаптары, жатақханада тұрудың ішкі тәртіптері және қауіпсіздік нормалары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар техникалық және өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету тәртібі жөнінде маңызды мәліметтер ұсынылды.
Психологиялық қызмет мамандары шетелдік студенттердің жаңа ортаға эмоционалдық және әлеуметтік тұрғыда бейімделуіне көмектесетін кеңестер беріп, қажетті жағдайда психологиялық қолдау көрсету жолдарын таныстырды.
Кездесу барысында академияда өткізілетін мәдени, спорттық және танымдық іс-шаралар туралы ақпарат беріліп, шетелдік студенттердің белсенді түрде қатысуының маңыздылығы атап өтілді. Бұл олардың академиялық бейімделуіне, әлеуметтік байланыстар орнатуына және оқу барысын тиімді меңгеруіне көмектеседі.
Аталған түсіндіру жұмысы шетелдік студенттердің жаңа ортада өзін сенімді сезінуіне, қауіпсіз әрі жайлы жағдайда білім алуына жағдай жасауға бағытталған маңызды шара болып табылады.

Пікірлер орны (0)