
Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушыларының бастамасымен С-МІҚ-09.02-25, С-ЕІҚ-9.01-25 топ білім алушылары А.С.Пушкин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы өткізген «Шын жүректен кітап сыйла» атты кітап сыйлау акциясына белсене қатысты. Акцияның басты мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, рухани құндылықтарды насихаттау және кітап қорын толықтыру. Студенттер өздерінің сүйікті кітаптарын сыйға тартып, игі іске үлес қосты. Кітап – білімнің кілті, рухани байлықтың қайнар көзі. Жақсылық жасаудан шаршамайық!