Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Спорт – бірлік пен сергектік н...
5 желтоқсан 2025
1
0
0

Спорт – бірлік пен сергектік негізі

2025 жылдың 4 желтоқсанында Дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен академияның № 4 ғимаратының спорт залында волейболдан жолдастық кездесу ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты — білім алушылардың бос уақытын тиімді өткізу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және әртүрлі курс пен ұлт өкілдері арасындағы достық байланыстарды нығайту болды.
Ойынға төрт команда қатысты:
- ОҚМА білім алушыларынан құралған құрама командасы;
- Медициналық колледж командасы;
- Алыс шетелдік білім алушылар командасы.
Кездесу өте қызықты әрі тартысты өтті. Әр команда ойын барысында ұйымшылдық пен дайындық деңгейін көрсетті. Қатысушылардың барлығы белсенділік танытып, бір-бірін қолдап отырды.
Ойын нәтижесі маңызды болмағанымен, достық пен серіктестік алдыңғы орынға шықты. Іс-шараға қатысқан барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.
Бұл жолдастық кездесу жастар арасында спортты кеңінен насихаттауға және денсаулықты нығайтуға үлкен үлес қосты. Алдағы уақытта осындай шаралар дәстүрлі түрде жалғасатын болады.

Пікірлер орны (0)