
ОҚМА жанындағы медицина колледжінің ЖББП кафедрасы дене шынықтыру пәнінің 2-ші күнін «Салауатты өмір салтын насихаттау, спортты дамыту» мақсатында 1,2 курс мамандық аралық білім алушылары арасында теңбіл доп футбол жарыс өткізді.
Спорттық жарыста «Емдеу ісі», «Стоматология» 1 курс, «Стоматолог-дантист», 2 курс мамандықтарының білім алушыларынан құралған командалар арасында үлкен сайыс ұйымдастырылды.
Спорттық жарыстың ашылуына кафедра меңгерушісі Сатаев Амангелді Тойболұлы қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Тартысты өткен жарыста 9 команда қатысты.
Жеңімпаздар грамота, кубок медалдармен марапатталды.
Футбол орын иегерлері;
1-орын иегерлері құрама ЕІҚ-11.01.25 тобы.
2-орын иегері СТДҚ-11.03.25 тобы.
3-орын иегері СТДҚ-9.01.25 тобы марапатталды.