Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Students connection» іс-шарас...
17 қараша 2025
5
0
0

«Students connection» іс-шарасы ұйымдастырылды

17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен мегаполистегі жоғары оқу орындары студенттері арасындағы байланысты нығайту мақсатында «Students connection» іс-шарасы өтті.
Аталған іс-шара Оңтүстік Қазақстан медицина академиясынан бастау алды. Біздің академияның студенттері өзге оқу орындарының студенттерін қарсы алып, ұлттық тағамдардан бауырсақ пен қымыздан дәм татқызды. Қонақтар академияның материалдық-техникалық базасымен танысып, студенттерге жасалған жағдайларға, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған оқу кабинеттері мен зертханаларына куә болды. Одан кейін білім ордасының тарихынан сыр шертетін мұражайды аралап, академияның әр кезеңдегі жетістіктерімен танысты. 
Жастар ресурстық орталығының басшысы Жұман Жансерік Бауыржанұлы бастаған делегация академияның белсенді студенттермен еркін форматта пікір алмасып, тәжірибе бөлісуге мүмкіндік алды.

Пікірлер орны (0)