Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Студенттер арасында волейболда...
17 ақпан 2026
1
0
0

Студенттер арасында волейболдан турнир өтті

2026 жылдың 16 ақпан күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мен «Фармацевтика және медицинадағы цифрлық инжиниринг» БББ 1-2 курс білім алушылары арасында волейболдан турнир өтті.
Турнир «Фармация» факультеті Тәлімгерлер кеңесінің төрайымы, «Инженерлік пәндер» кафедрасының оқытушысы, аға тәлімгер Жорабек Н.М. ұйымдастыруымен өткізілді.
Турнирге «Бірлік», «Алау», «Dinamo», «Sunkar ball», «Eagles», «Көк бөрі» командалары қатысты.  Турнир нәтижесі бойынша I орынды «Sunkar ball» командасы, II орынды «Eagles» командасы, III орынды «Көк бөрі» командасы иеленді. 

Бұл жарыс тек спорттық бәсеке ғана емес, сонымен қатар достық пен бірлікті нығайтатын, салауатты өмір салтын дәріптейтін керемет ойын болды.

Пікірлер орны (0)