
Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясының қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ВМ-СҚБ-02-25 тобы Байдібек ауданындағы «Тарихи Өлкетану» музейіне экскурсияға барды. Студенттер музейдің ең қызықты және ерекше экспозицияларын аралап көріп, тарихи жәдігерлер туралы ақпарат алды. Мысалы, өңір тарихына қатысты ескі құралдар, киімдер, құжаттар мен фотосуреттерді тамашалады. Сонымен қатар, топ мүшелері көрген әсерлерін көрсету үшін мини-роликке түсірді. Экскурсия барысында студенттер тарихи мәліметтерді талқылап, музейді жан-жақты танып білуге мүмкіндік алды. Бұл іс-шара студенттердің тарихқа деген қызығушылығын арттырып, білімдерін тереңдетуге септігін тигізді.