
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ФКАБ-01-25 тобының студенттері қаланың мәдени өміріне белсенді қатысып келеді. Осы бағытта олар театрға барып, мәдени көзқарастарын кеңейту және рухани дамуын арттыруды мақсат етті.
Театрға бару студенттерге ұлттық өнермен жақынырақ танысуға, шығармашылық атмосфераны сезінуге және жаңа әсер алуға мүмкіндік берді. Олар актерлердің шынайы ойынын және қойылымда көтерілген маңызды тақырыптардың мәнін жоғары бағалады.
Бұл мәдени шара студенттердің өнерге деген қызығушылығын арттырып, эстетикалық талғамын дамытуға ықпал етті. Осындай іс-шаралар жастардың рухани, мәдени дамуына және ұлттық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
