
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының білім алушылары «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Заң мен тәртіп» тақырыбында эссе жазды.
Аталған іс-шараның мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және қоғамдағы тәртіп пен заң үстемдігінің маңызын терең түсіндіру. Эссе жазу барысында студенттер заң мен тәртіптің қоғамдағы рөлі, азаматтық жауапкершілік жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға салды.