ОҚМА-ның 2-ғимаратында Тәжірибелік дағдылар орталығында «Хирургия,онкология және травматология» кафедрасының кафедра меңгерушісінің және қызметкерлерінің қатысуымен кафедра ассистенті Абдраманова А.К. «Сүт безінің фондық аурулары және ісік алды аурулары, мастопатия, сүт безінің қатерлі ісіктері» тақырыбы бойынша ІЖТДҚ-01-23 тобына ашық сабақ өткізді .
Кафедра меңгерушісі Абдурахманов Б.А. кіріспеде халық денсаулығы туралы, оның ішіндегі сүт безінің аурулары туралы қысқаша баяндап, баяндамашы мен баяндама тақырыбымен таныстырып өтті
Кафедраның ассистенті, онколог Абдраманова А.К. кәзіргі заманауи кезеңде әйелдер арасында сүт безінің қатерлі ісігінің көбейіп бара жатқаның айтты.Сондықтан да өз уақытысында халық арасында Скрининг жасаудың маңыздылығын, Скринингтік тексерулер ауруды ерте сатысында немесе оған бейімділікті анықтауға, оңтайлы емдеу әдісін таңдауға және алдын-алу шараларының кешенін тағайындауға көмектесетіні туралы айтты.
Стандартталған пациентті қолданған дәрігер интерндер сүт безінің қатерлі ісіктерінің себептерін,клиникалық белгілерін, ҚР диагностика және емнің клиникалық хаттамаларына сәйкес лабораторлық және құрал-саймандық зерттеулерді тағайындауды,лабораторлық және құрал-саймандық зерттеулердің нәтижелеріне интерпретация жасауды, диагноз қоюды, ем тағайындауды көрсетті.
Кафедраның ассистенті, онколог Юсупов А.М. Сүт безінің қатерлі ісігінің дүние жүзінде жиілеп бара жатқаның, олардың алдын алу шараларын атап өтті.