
Бүгін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті академиялық адалдықты ілгерілету мақсатында Шымкент қаласының жоғары және арнаулы, жалпы орта білім беру ұйымдары басшыларымен кездесу өткізді.
Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыруға бағытталған бұл кездесуге қаладағы жоғары оқу орындары мен колледждердің өкілдері, сондай-ақ мектеп директорлары қатысты. Іс-шара барысында білім берудің барлық деңгейінде академиялық адалдық қағидаттарын енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметін жандандыру мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында жоғары оқу орындары мен білім беру ұйымдарының басшыларына оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен парасаттылық тақырыптарын енгізу, сондай-ақ білім беру процесінде ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар берілді.