
Воп-2 кафедрасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараға Гүлжан Нұрбековна, Раушан Аманбаевна, Бақытжамал Назарбековна, Бақытгүл Абильдаевна оқытушылары қатысып, білім алушылармен кері байланыс жүргізді. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық ұғымы, оның қоғамға тигізетін кері әсері, алдын алу жолдары, заңнамалық негіздері және азаматтық жауапкершілік мәселелері жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, адалдық, әділдік, парасаттылық, адамгершілік құндылықтарын насихаттау, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саналы көзқарас қалыптастыру бағытында мазмұнды пікір алмасу жүргізілді. Тәрбие сағаты білім алушылардың тақырыпқа деген қызығушылығын арттырып, қоғамда әділдік пен ашықтық қағидаттарын орнықтыруға, заңға құрметпен қарауға және азаматтық белсенділікті нығайтуға оң ықпал етті. Аталған іс-шара жастардың бойында жауапкершілік, адал еңбекке ұмтылу, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.