«Қазақстан тарихы және әлеуметтік пәндер» кафедрасының доцент м.а. О.А.Торебаев 1 курс «Фармация» БББ білім алушыларымен «Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақ, сенің қолыңда!» атты семинар өткізді.
Мақсаты: жастардың бойында отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерін қалыптастыру, тәуелсіз еліміздің тарихына шолу жасау және келешекке сеніммен қадам басатын саналы ұрпақ тәрбиелеу болды.
Семинар барысында студенттермен Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, рухани жаңғыру, жастар саясаты, ел болашағындағы жас ұрпақтың рөлі туралы пікір алмасып, мазмұнды әңгімелер өрбіді. Тәуелсіздігімізді нығайтып, елімізді дамыту – қазіргі жастардың басты міндеті. Тәуелсіз еліміз қанатын кере жайып, ел мәдениеті өркендеген қазіргі заманда тек білімді жастар ғана ұлтымызды асқақ, елімізді көкке көтереді. Қоғамның негізгі өзегі – жастар болып табылады. Қазақстанның болашағы жастар еншісінде екенін ескерсек, солардың сапалы білім алып, тәрбиелі, парасатты азамат болып қалыптасуына қоғамның да ықпалы зор екені анық. Саналы қоғамда білімді азаматтармен бірлесе өмір сүрген жастар өз бойында білімге деген құштарлық пен ізгі сезімдерді қалыптастыратыны сөзсіз. Жастардың сапалы білім алып, саналы азамат болуы үшін де қазіргі заманда білім-ғылымға және мәдениетке аса көп назар аударатыны, ғылыми прогресті дамыту үшін көптеген қызмет атқарып, еліміздің дамуындағы білімнің маңызын айтып, нұсқау беруі – бәрі де ел экономикасының қарыштап дамуындағы бірден-бір өзгеріс екені баршамызға айқы.
Семинар соңында білім алушылар тақырып аясында өз пікірлерін ортаға салып, еліміздің болашағы үшін білім алып, еңбек етуге дайын екендерін жеткізді.