
Тәуелсіздік күні – бұл тек тарихи оқиға емес, ол еліміздің жарқын болашағының символы. Бұл оқиға еліміздің тарихында жаңа кезеңнің бастамасы болды, және Тәуелсіздік күні Қазақстанның барлық азаматтары үшін ұлттық мақтаныш пен тәуелсіздік үшін күрестің символы болып табылады.
Тәуелсіздік күні қарсаңында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының профессор оқытушылар құрамы Қазақстан тарихы сабағында білім алушыларға 16-желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаттарын өткізді.
Мақсаты: Білім алушыларға тәуелсіздік күнінің маңыздылығын түсіндіру, ұлттың тарихын, мәдениетін құрметтеу және болашақта еліміздің дамуына үлес қосатын патриот жастарды тәрбиелеу.
Тәрбие сағаттарында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеудің тарихи алғышарттары туралы презентациялар дайындалып, желтоқсан оқиғасына арналған фильмдер көрсетілді.
16 желтоқсанды мерекелеу арқылы біз жастарды патриоттық рухта тәрбиелеп, еліміздің тәуелсіздігі мен бостандығын бағалауға үйретеміз. Тәрбие сағаттары білім алушыларға ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді және жетістіктерімізді мақтан тұтуды, өз елімізге деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға көмектеседі.
