Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің...
18 желтоқсан 2025
1
0
0

«Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры»

2025 жылдың 17 желтоқсан күні “ЖТД-3” кафедрасының ассистенті Г.М. Онласбекованың ұйымдастыруымен IЖТДҚ- 08-25 және 10-25 топ дәрігер-интерндерімен бірлесе «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты танымдық тәрбие сағаты өткізілді. Аталған тәрбие сағатында Қазақстан Тәуелсіздігінің тарихи маңызы, ел егемендігінің қалыптасу кезеңдері, ұлттық құндылықтар мен ел болашағы туралы мазмұнды баяндамалар жасалды. Қатысушылар тәуелсіздіктің қадір-қасиеті, оны сақтау жолындағы әр азаматтың жауапкершілігі жайлы өз ойларымен бөлісті.
Мақсаты: – Жастардың бойында отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру – Тәуелсіз Қазақстанның тарихы мен құндылықтарын насихаттау. Ел бірлігі мен ұлттық сананы нығайту. Саналы, білімді, елжанды ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосу “Тәуелсіздік – біздің мақтанышымыз, оны сақтау – қасиетті борышымыз!” ‎

Пікірлер орны (0)