
2025-2026 оқу жылында шет тілі кафедрасының ұйымдастыруымен тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 18.02.2026 күні ВМ-МҚА-05-25, МҚАБ-03-25 топтарының студенттері Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының № 6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына «Таза аула-мейірімді жүрек!» атты қайырымдылық сенбілігі өткізілді. Біздің шет тілі кафедрасының ұжымы қайырымдылық іс-шара аясында № 6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ауласын тазалау жұмыстарын ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, интернат тәрбиеленушілеріне қолдау көрсету және оқушылардың бойында мейірімділік пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сенбілікке оқытушылар мен студенттер белсене қатысты. Аула аумағы қоқыстардан тазартылып, ағаштардың түбі әктелді, сынған бұтақтар жиналды. Сонымен қатар гүл отырғызылып, аула көркейтілді. Қатысушылар өзара ұйымшылдық танытып, жұмысты тиянақты әрі жауапкершілікпен атқарды.
Іс-шара барысында оқушылар бір-біріне көмектесіп, үлкендерден үлгі алды. Бұл қайырымдылық сенбілігі барша қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлап, ортақ іске үлес қосудың маңыздылығын түсіндірді.
Қорытындылай келе, № 6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына ауласын тазалау – тек сенбілік емес, ол – қамқорлық пен жанашырлықтың айқын көрінісі болды. Осындай игі істер алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының № 6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының басшысы және қызметкерлері сенбілікке белсене қатысқан Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының шет тілдері кафедрасының ұжымына, 1 курс студенттеріне өздерінің барша алғыстарын айтып, ризашылығын білдірді!
