
Қоғамдық орындардағы тазалық пен қоршаған ортаны сақтау мәдениетін қалыптастыру мақсатында Гигиена және эпидемиология кафедрасының аға оқытушысы Жақсыбаева Ж.Б ұйымдастыруымен экологиялық сауаттылықты арттыру аясында Медицина ВМ- МО-13 тобының білім алушыларымен кафедрадағы қоқыс қалдықтарына арналған жәшіктер жасалынды. «Таза Қазақстан» – бұл елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғауға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ұлттық бастама. Іс-шараның мақсаты-білім алушылардың экологиялық мәдениетін дамыту және табиғатты қорғау ісіне үлес қосуға мүмкіндік беру.