Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Tez tap» атты интеллектуалды...
5 қараша 2025
2
0
0

«Tez tap» атты интеллектуалды ойыны өтті

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, логикалық және танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында «Tez tap» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды. Іс-шараны ФӨТ кафедрасы мен Жастар саясаты бөлімі бірлесе өткізді.
Зияткерлік сайысқа бес команда қатысты. Олар: «Болашақ», «Intellect stars», «Рух», «Ойшылдар» және «Келешек». Ойын жеті турдан тұрды. Қатысушылар түрлі тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, өздерінің жылдамдығын, білімін және тапқырлығын көрсетті.
Сайыстың әділ өтуін қазылар алқасы қамтамасыз етті. Айта кетейік, қазылар алқасының құрамында Фармация факультетінің деканы Құттыбек Арыстанбаев, Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Берік Тасжанов, Фармация факультеті деканының орынбасары Мәлік Сапақбай, фармацевтика ғылымдарының кандидаты, доцент Ботагөз Торланова мен физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Өрісбай Байзақов болды.
Тартысты өткен ойында І орынды – «Intellect stars» командасына, ІІ орынды – «Ойшылдар» командасы иеленді. 
Айта кетейік, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне Жастар саясаты бөлімінің маманы Баян Сейтжаппарқызы, Фармацевтикалық өндіріс технологиясы кафедрасының оқытушысы Оспанова Гүлнәр Садыққызы мен Тұрдалы Құралай Мұратқызы белсенді атсалысты.  
Бұл зияткерлік ойын студенттердің білімге деген қызығушылығын арттырып, командалық рухты, өзара қолдау мен бірлікті нығайтуға ықпал етті.

Пікірлер орны (0)