2025 жылғы 10–14 мамыр аралығында Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінде Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында XIII жазғы Универсиада аясында тоғызқұмалақтан жарыстар өтті.
Аталған жарысқа «ОҚМА» АҚ-ның командасының құрамында төмендегі білім алушылар болды:
1. Сейтжаппар Нұржан – ВМ-СҚБ-01-24
2. Нұрқазыұлы Мағжан – ВМ-СҚА-01-24
3. Дарханұлы Арман – В-ЖМОБ-07-20
Қазақстанның 30 жоғары оқу орнының командалары арасындағы командалық есепте академиямыздың құрама командасы 17-орынға ие болды.
Жеке есеп нәтижесі бойынша ВМ-СҚА-01-24 тобының білім алушысы Нұрқазыұлы Мағжан 7-орынға ие болды.