Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Түркістан облысындағы медицина...
19 желтоқсан 2025
1
0
0

Түркістан облысындағы медициналық ұйымдарға практикалық көмек көрсетілді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасына сәйкес «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ мамандары Түркістан облысының медициналық ұйымдарында практикалық және әдістемелік көмек көрсетуде.
Атап айтқанда, академияның көпсалалы командасы Сайрам аудандық орталық ауруханасына барып, медицина қызметкерлерімен бірлесіп клиникалық жағдайларды талқылады. Дәрігерлерге консультациялық қолдау көрсетіліп, ЖРВИ-мен байланысты науқастарды жүргізу тактикасы бойынша ұсыныстар берілді.
2025 жылғы желтоқсан айында «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ-ның көпсалалы мамандар тобы Түркістан облысы Сайрам ауданындағы «Қарабұлақ» аудандық ауруханасында көшпелі жұмыс жүргізді.

Мамандар медицина қызметкерлеріне практикалық және әдістемелік көмек көрсетіп, күрделі клиникалық жағдайларды бірлесіп талдады. Сонымен қатар, жұқпалы аурулардың алдын алу және пациенттерді басқару мәселелері бойынша ұсыныстар берілді.
Мұнан кейін Академияның көпсалалы мамандар тобы ЖРВИ аурушаңдығының (жүкті әйелдер) өсу қаупіне байланысты Кентау қалалық ауруханасында көшпелі жұмыс жүргізіп, медицина қызметкерлеріне консультациялық және әдістемелік қолдау көрсетті. Кездесу барысында күрделі клиникалық жағдайлар талданып, жұқпалы аурулардың алдын алу және науқастарды жүргізу тактикасы бойынша ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар, академияның көпсалалы мамандар тобы Сарыағаш қалалық ауруханасында көшпелі жұмыс жүргізіп, медицина қызметкерлеріне консультациялық және әдістемелік қолдау көрсетті. Кездесу барысында күрделі клиникалық жағдайлар талданып, жұқпалы аурулардың алдын алу және науқастарды жүргізу мәселелері бойынша ұсыныстар берілді.
ЖРВИ аурушаңдығының өсу қаупіне байланысты көпсалалы мамандар тобы Абай аудандық орталық ауруханасында көшпелі жұмыс жүргізіп, медицина қызметкерлерімен бірлесіп клиникалық жағдайларды талқылады. Мамандар тарапынан практикалық және әдістемелік көмек көрсетіліп, медициналық көмектің сапасын арттыру бойынша ұсынымдар берілді.
Іс-шара медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Пікірлер орны (0)