«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Л.Т.Махатова 2 курс шетел топтарында оқитын білім алушылар арасында қазақ ақын – жазушыларының шығармашылығынан көркем сөз оқу сайысын өткізді.
Мақсаты: Шетелдік білім алушылардың қазақ ақын-жазушыларының шығармашылығына деген қызығушылығын ояту және тереңдету және қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыру, көркем сөйлеу, дұрыс әрі мәнерлі оқуға дағдыландыру болып табылады.
Сайысқа шетел топтарында оқитын Riya Bhat, Aryan Ujale, Mohd Muntazir үнді студенттері және басқа ұлттардың білім алушылары қазақ ақын-жазушыларының өлеңдері мен прозалық шығармаларынан үзінділерді жаттап, көркем мәнермен оқыды.
Бұл сайыс Қазақстандағы этносаралық келісімді нығайтып, мемлекеттік тілдің қоғамдық маңызын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, түрлі ұлт өкілдерінің қазақ әдебиеті арқылы мәдениет пен руханиятқа қадам басуына мүмкіндік береді.
Аталмыш іс шараға белсене қатысқан студенттер , Алғыс хаттармен марапатталды.