Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Ұлттық құндылықтар – жастарды...
15 мамыр 2025
15
0
0

«Ұлттық құндылықтар – жастарды тәрбиелеудің негізі» атты дөңгелек үстел

Қазіргі жаһандану заманында ұлттың өзіндік болмысын, рухани байлығын сақтап қалу – ең өзекті мәселелердің бірі. Бұл бағытта жастарға ұлттық құндылықтарды насихаттау – ел болашағының іргетасын берік ететін рухани негіз болып табылады.
Осығай байланысты, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының PhD докторы Ж.О.Нуржанбаева мен оқытушы А.Ә.Мырзазия 2 курс «Медицина» білім алушыларына халқымыздың ұлттық құндылықтарын насихаттау мақсатында «Ұлттық құндылықтар – жастарды тәрбиелеудің негізі» атты дөңгелек үстел өткізді.
Мақсаты: білім алушыларға қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, салт-дәстүрі мен мәдениетін насихаттау, отансүйгіштікке тәрбиелеу, рухани-мәдени көзқарасын қалыптастыру.
Дөңгелек үстел барысында психологиялық тренингтер өткізіліп, отбасылық құндылықтар мен салт дәстүрлер туралы әңгімелер айтылды.
Іс-шара барысында білім алушыларға қазақ кино өнерінің жауһары саналатын «Қыз Жібек» көркем фильмі көрсетілді. Фильм арқылы студенттер қазақ халқының салт-дәстүрімен, ұлттық киім үлгілерімен, батырлық пен махаббатқа деген көзқарасымен тереңірек танысты.
Нәтижесінде студенттердің ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықтары арттырылып, рухани байытуға ықпал етті. Көптеген жастар қазақ халқының бай мәдени мұрасы жайлы жаңа мағлұматтар алды. Көрсетілім тәрбиелік маңызы зор шара ретінде жоғары деңгейде өтті.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар ұлттық тәрбие мен заман талабына сай жаңашыл көзқарасты ұштастыру қажеттігін айтты. Қазіргі жастарға ұлттық құндылықтарды тек дәріптеп қана қоймай, оны күнделікті өмірде қолдануға бейімдеу, саналы түрде қабылдауға жол ашу маңызды екендігіне баса назар аударылды.
Қорытындылай келе, ұлттық құндылықтарды насихаттау, оны жастардың сана-сезіміне терең сіңіру арқылы елдің рухани болашағын қалыптастыруға болатыны айтылды. Мұндай мазмұнды кездесулер жастарды ойландырып қана қоймай, оларды елжандылық пен ұлттық болмысқа жетелейді.

Пікірлер орны (0)